Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Гүлмира Аманова: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті»

Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл бағыттағы негізгі стратегиялық құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Тұжырымдаманың негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудағы цифрландырудың рөлі және қоғамның бұл үдеріске қатысуы туралы Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Г. Амановамен сұхбаттастық, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026
Жаңалықтар

– Қазақстанның 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдамасының негізгі мақсаты қандай?

– Соңғы жылдары елімізде жүйелі реформалар жүргізіліп, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістер қолға алынды. Оның негізінде мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту, әділеттілік пен заң үстемдігін орнықтыру міндеті тұр.

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына кедергі келтіретін негізгі қауіптердің бірі. Ол экономикалық өсімді тежеп қана қоймай, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сеніміне және әділдік қағидаттарына кері әсер етеді.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресте тек жазалау шараларымен шектелу жеткіліксіз. Оның пайда болуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою қажет. 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдаманың басты мақсаты да осы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәуекелдерді барынша азайту және қоғамда парақорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

– Тұжырымдамада қандай негізгі басымдықтар белгіленген?

– Құжат қоғамдық институттарды, экономикалық қатынастарды және азаматтардың құқықтық санасын қамтитын кешенді өзгерістерді көздейді.

Бірінші кезекте цифрландыруға ерекше мән берілген. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы азамат пен мемлекеттік қызметші арасындағы тікелей байланысты азайту, әкімшілік кедергілерді қысқарту және ақпараттың қолжетімділігін арттыру көзделеді.

Сонымен бірге кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, заңсыз тексерулер мен негізсіз бюрократиялық кедергілерді азайту, адал бәсекелестікті қамтамасыз ету де маңызды бағыттардың бірі.

Бұдан бөлек, мемлекеттік бюджет қаражатының жұмсалуы, мемлекеттік сатып алу мен шешім қабылдау процестерінің ашықтығын арттыруға басымдық беріледі. Бұл ретте азаматтық қоғам мен белсенді азаматтардың қоғамдық бақылауға қатысуы маңызды.

– Цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қаншалықты төмендете алады?

– Цифрландыру – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі. Мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған сайын «адам факторы» азаяды. Бұл белгілі бір мәселені шешу үшін азаматтың лауазымды тұлғамен тікелей байланысу қажеттілігін төмендетеді.

Сонымен қатар цифрлық жүйелер рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің өтінішінің қай кезеңде тұрғанын көріп, қызмет көрсету мерзімін бақылай алады. Мұның барлығы заңсыз әрекеттер мен түрлі әкімшілік кедергілердің туындау ықтималдығын азайтады.

Бүгінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында цифрландыру кеңінен енгізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау жүйесі де жетілдіріліп келеді.

– Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалай қалыптастыруға болады?

– Бұл жұмысты ерте жастан бастаған дұрыс. Балабақша мен мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін адалдық, парасаттылық, әділдік және жауапкершілік секілді құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру маңызды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тек заңды білумен шектелмейді. Адам күнделікті өмірде адалдықты басты қағидат ретінде қабылдауы керек. Заңсыз жолмен мәселе шешуді қалыпты жағдай деп қабылдамайтын қоғамдық сана қалыптасқанда ғана нақты өзгеріске қол жеткізе аламыз.

– Бұл бағытта жазаның бұлтартпастығы қаншалықты маңызды?

– Заң алдында барлығының тең болуы – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол берген адам лауазымы мен мәртебесіне қарамастан заң аясында жауап беруі тиіс.

Жауапкершіліктің бұлтартпастығы қоғамның заңға деген сенімін арттырады. Алайда тағы да айта кету керек, біздің мақсатымыз тек құқық бұзушылық орын алғаннан кейін жазалау емес, ең алдымен оның алдын алу.

– Сыбайлас жемқорлықпен күресте қарапайым азаматтардың рөлі қандай?

– Өте маңызды. Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік аппараттың немесе арнайы органдардың міндеті деген түсініктен арылуымыз керек. Бұл – бүкіл қоғамның ортақ ісі.

Әрбір азамат заңды құрметтеп, адал еңбекті бағалап, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне немқұрайлы қарамауы қажет. Қоғамдық бақылауға қатысу, заңсыздықты көрген жағдайда үнсіз қалмау, өз құқығын білу – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

– Тұжырымдаманы жүзеге асырудан қандай нәтижелер күтіледі?

– Негізгі мақсат – әр азаматтың құқығы қорғалатын, барлығына тең мүмкіндік берілетін және заң үстемдігі қамтамасыз етілетін әділетті қоғам қалыптастыру.

Мемлекеттік басқару неғұрлым ашық болып, азаматтардың шешім қабылдау процестеріне қатысу мүмкіндігі артқан сайын қоғамның мемлекетке деген сенімі де нығая түседі.

Әділетті Қазақстанды қалыптастыру әрқайсымыздан жауапкершілікті, белсенді азаматтық ұстанымды және адалдықты талап етеді. Заң мен тәртіп үстемдік еткен, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптасқан қоғамда ғана экономиканың тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік бар.

– Сұхбатыңызға рақмет!

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Гүлмира Аманова: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті»

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026

Қонаевта инфекцияны анықтайтын заманауи бактериологиялық зертхана ашылды

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026

Қонаевта 2,3 шақырым жылу желісі жаңартылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
03.09.2026

Заңға құрмет – елге құрмет

Акжаркын
03.09.2026

Ішімдіксіз қоғам – ұлт болашағының кепілі

Акжаркын
03.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz