Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ғарыштық мониторинг арқылы Алматы облысының аумағында 283 апатты қоқыс үйіндісі анықталды

Бұл туралы облыс әкімі аппаратының басшысы Төлеген Сәрсембаев 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

26.07.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

«Ауылдық округ әкімдері санитарлық жұмысқа көңіл бөлмейді. Қоқыс тастағандарды жауапқа тарту жұмысы өте төмен деңгейде. Салдарынан елді мекендер қалдықтарға көмкерілген. Аудан әкімдері мен жергілікті полиция қызметкерлері бұл мәселені қатаң бақылауға алуы тиіс деп есептеймін», – деді Төлеген Сәрсембаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 149 қауіпті қоқыс үйіндісі жойылды.

Сондай-ақ, биыл 11-12 шілде аралығында экология басқармасының мамандары Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп Қонаев қаласында және Іле мен Талғар аудандарының елді мекендерінде зерттеулер жүргізді.

Көктен бақылау жүйесі арқылы Конаев қаласынан табылған 62 қауіпті үйіндінің біреуі де жойылмаған. Іле ауданында 72 апатты қоқыс үйіндісінің 66-сы, Талғар ауданында 44 қауіпті үйіндінің 20-сы жойылды. Қабылданған шараларға қарамастан, заңсыз қоқыс полигондарының саны өсіп жатыр. 22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Ассы обсерваториясының жанынан ірі қара малдың өлексесі табылды.

Тегтер: қоқыс үйінділері

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival: креативті индустрияға жаңа серпін

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жаңа Конституция: Алматы облысында жергілікті басқару мен тұрғындардың құқықтары қалай реттеледі?

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жамбыл Жабаевтың мерейтойынан кейін 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында халықаралық бәйге жеңімпаздарына үш автокөлік табысталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында тұрғын үйге бөлінген 101,4 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz