Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтағы этно-фестивальде Жамбылдың жеке заттары мен «Алтын адам» көрмесі таныстырылды

Қонаев қаласында Халықаралық музейлер күніне орай ашық аспан астында ауқымды этно-фестиваль өтті. Тілшілер шараның қалай өткенін тамашалап, арнайы фоторепортаж әзірледі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мерекелік шара Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақ аумағында өтті. Бұл күні саябақ этно-музейге айналып, келушілер қазақ халқының дәстүрлі қолөнері мен тарихи мұрасымен танысты.

Фестиваль аясында ұсталар темір соғып, зергерлер күміске өрнек түсіріп, шеберлер киіз басу мен ағаш ою өнерінің қыр-сырын көрсетті. Келушілер ұлттық қолөнер бұйымдарының жасалу процесін тамашалап, шеберлермен еркін пікір алмасты.

Шара барысында Алматы облысы музейлері бірлестігі қорында сақталған сирек жәдігерлер де көпшілік назарына ұсынылды. Олардың қатарында Жамбыл Жабаевтың өзі пайдаланған тұрмыстық бұйымдар, сақ дәуіріне жататын археологиялық жәдігерлер, б.з.д. V–IV ғасырлардағы көне қыш ыдыстар коллекциясы және әйгілі Алтын адам экспозициясы болды.

Сонымен қатар, фестиваль қонақтары ХХ ғасырдағы магнитофондар, кинопроекторлар мен бейнекамералар секілді көне радиотехникаларды тамашалады.

Биылғы фестиваль қазақтың белгілі этнографы әрі ұста Дәркембай Шоқпарұлының 80 жылдығына арналды. Шараға оның шәкірттері, ізбасарлары және шетелден келген қолөнершілер қатысты.

Фестивальге келген қала тұрғындарының бірі Айдана Нұрбекқызы мұндай шаралардың ұлттық мәдениетті насихаттаудағы маңызы зор екенін айтты.

«Балаларымызға тарихымызды кітаппен ғана емес, осындай көрмелер арқылы көрсету өте маңызды. Қолөнер шеберлерінің жұмысын көзбен көру ерекше әсер сыйлайды», — деді ол.

Ал тағы бір тұрғын Ержан Сәрсенов фестивальдегі жәдігерлер көрмесі ерекше қызығушылық тудырғанын жеткізді.

«Жамбыл атамыздың жеке заттарын көру мен үшін ерекше әсер сыйлады», — деді тұрғын.

Шара аумағында арнайы этноауыл құрылып, ұлттық көрмелер ұйымдастырылды. Кешкі уақытта фестиваль этно-концертке ұласып, сахнада Жігер Ауыпбаев, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Мақсат Рахмет, BAYANSULU және өзге де танымал өнерпаздар өнер көрсетті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ветеринария саласының үздік мамандары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Атамекенге оралған балалар: әлем қазақтарының 288 баласы «Балдәуренде» бас қосты

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Алматы облысында былтыр жоғалып кеткен әйелдің мәйіті табылды

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Алматы облысында әлеуметтік желідегі қарумен түскен видеоға байланысты полиция тексеру жүргізді

Қорлан Нұрланқызы
10.07.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының негізі

Акжаркын
10.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz