«Еліміздің ең жоғары консультативтік мекемесі – Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының ашылуы баршаңызға құтты болсын!
Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн, шын мәнінде тарихи оқиға деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Халық Кеңесі мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына күмәнім жоқ.
Қазір Қазақстан ауқымды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі реформалар іске асырылуда. Алайда реформалар мен өзгерістер осымен өз мәресіне жетті деп мүлдем айтуға болмайды. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады.
Біз билік жүйесін заман талабына сай жаңғырту ісін қолға алдық. Елімізде Халық Кеңесінің құрылуы соның бір айқын дәлелі екені анық», — деді Тоқаев.
Қазақстан Халық кеңесі — Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік-кеңесші орган. Оның міндеті — мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қоғамның қатысуын қамтамасыз ету.
Кеңес құрамына 126 адам кірді:
- этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі;
- қоғамдық бірлестіктер мен басқа да коммерциялық емес ұйымдардың 42 өкілі;
- Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары мен қоғамдық кеңестерінің 42 өкілі.
Халық кеңесі мүшелерінің өкілеттік мерзімі төрт жылды құрайды. Олар қоғамдық негізде жұмыс істейді.
Халық кеңесінің құзіреті:
- ішкі саясат бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
- Құрылтайға заң жобаларын енгізу;
- жалпыхалықтық референдум өткізуге бастамашылық жасау;
- қоғамдық талқылаулар мен тыңдаулар өткізу;
- қоғамдық бақылауға қатысу;
- Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ұйымдастыру.
Халық кеңесінің жоғары басқарушы органы сессия болып саналады. Сессиялар аралығында басшылықты кеңестің төралқасы жүзеге асырады. Ұйымдастырушылық және талдау жұмыстарын мемлекеттік орган мәртебесіне ие хатшылық қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының ашылуын еліміз үшін тарихи оқиға деп атады.
«Қазақстан Халық Кеңесі мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына күмәнім жоқ», – деді Президент.
«Алайда реформалар мен өзгерістер осымен өз мәресіне жетті деп мүлдем айтуға болмайды. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады. Біз билік жүйесін заман талабына сай жаңғырту ісін қолға алдық. Елімізде Халық Кеңесінің құрылуы соның бір айқын дәлелі екені анық», – деді Мемлекет басшысы.





