Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Оффлайн өткізілуге тиіс процестер үшін сот залдары ашылады

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады.

26.01.2023
Саясат

Президентке заң үстемдігін қамтамасыз етуге және сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған сот реформасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді. Жоғарғы Сот төрағасы реформа жөніндегі ұсыныстардың шұғыл шаралар, заңнамалық бастамалар және ұзақмерзімді міндеттер секілді үш топқа бөлінетінін атап өтті. Шұғыл шаралар аясында міндетті түрде оффлайн өткізілуге тиіс процестер үшін сот залдарын ашу, сондай-ақ анағұрлым шетін салалар бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын жаңарту мәселелері жоспарланған.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, істі сотқа дейінгі қарау сатысына тиімді сот бақылауын енгізу, мемлекеттік сатып алу, салық салу және жеке сот орындаушыларының қызметі салаларында әкімшілік істердің қаралу мерзімін қысқарту мәселелері заңнамалық бастамаларға жатады. Ұзақмерзімді жұмыс тәртібінде кешенді заңнамалық және ұйымдастыру шараларын әзірлеу қарастырылған.

Қазір Парламент қарауында екі заң жобасы жатыр. Олар сот төрағаларын сайлау арқылы таңдау тәртібін енгізуге, күштік құрылымдардың судьяларға қысым жасау жолдарын жоюға, Жоғарғы сот кеңесінің құзыретін күшейтуге және ювенальді соттардың қарауына жататын істердің аясын кеңейтуге бағытталған.

Бұдан бөлек, қылмыстық процесте тараптардың жарыспалылығы қағидатын қамтамасыз етуге және заңды өрескел бұзғаны үшін судьяларды жауапкершілікке тарту механизмдеріне қатысты ұсыныстар әзірленіп жатыр.

Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі жетілдіру шараларын сапалы жүзеге асыру қажет екеніне назар аударды.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Halyk Open Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

Нашақорлық – қоғамға төнген қауіпті дерт

Диана Ахметова
07.08.2026

Алкогольсіз қоғам: денсаулық пен тұрақтылық жолы

Диана Ахметова
07.08.2026

Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы

Диана Ахметова
07.08.2026

Заңға бағыну – азаматтық парыз

Диана Ахметова
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz