Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Қарағандыда әлеуметтік маңызы бар нысандар салынады — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына барды. Кеншілер қаласында медицина, білім, жылу көздерін беретін мекемелер салынады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі БОРТ №1 порталына сілтеме жасап.

05.10.2022
Саясат

«Медициналық білім беру жүйесін дамыту – басты міндеттің бірі. Қарағанды медицина университеті бүкіл еліміз үшін білікті мамандар даярлайды. Бұл оқу орнын дәрігерлер ұстаханасы деуге болады. Құзырлы министрлік университеттер жанынан 5 аурухана салу туралы жоба ұсынды. Соның бірі Қарағандыда салынады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, университет клиникасының құрылысы келесі жылы басталуы керек. Оны заманауи құралдармен жабдықтау қажет. Сондай-ақ Президент тапсырмасымен ел көлемінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Алдағы 3 жылда Қарағанды облысында 28 мыңнан астам балаға арналған жаңа мектептер салынады. Келесі жылы құрылыс басталады. Қасым-Жомарт Тоқаев жер телімін бөлу және оны коммуналдық желілерге қосу мәселесі қазірден бастап шешілсін деді.

Сонымен қатар Қарағанды қаласының үшінші жылу нүктесінің құрылысын аяқтау үшін қажетті қаражат бөлуді тапсырды.

«Қарағандылықтар қала ішінде жергілікті жылу электр орталығына жаңа күл үйіндісін салуға қарсы екенін білемін. Халықтың наразылығы орынды деп ойлаймын. Сондықтан облыс әкімдігі бұл жобаны жұртшылықтың пікірін ескере отырып жүзеге асыруы керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: ҚарағандыҚасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Қытайдың Цинхай провинциясымен ынтымақтастықты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz