Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елімізде 434 мың адам микроқаржы ұйымдарына қарызын өтей алмай жүр

Елімізде проблемалы қарыз алушылар саны 434 мың адамнан асып кетті. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың жауабында айтылған.

07.11.2022
Жаңалықтар

«2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша микроқаржы ұйымдарының кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерінің көлемі 416 млрд теңгені құрады. Микроқаржы ұйымдарынан кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер бойынша қарыз алушылар саны 1 343,6 мың адамға жетті. Осы жылдың 8 айында кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер құрылымында «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ деректері бойынша мерзімі 90 күннен асатын қарыздардың үлесі 18,8 пайызға өсіп, 71,3 млрд теңгеге жетті. Проблемалы қарыз алушылар саны 434,2 мың адам (бірегей қарыз алушылар)», — деді ол.

Ол проблемалы кепілсіз тұтынушылық микрокредиттердің айтарлықтай өсуі онлайн микрокредиттеу сегментіне тиесілі болып тұрғанын айтты.

«Айталық, 50 АЕК-ке дейінгі кепілсіз онлайн микрокредиттер бойынша проблемалы қарыз алушылардың саны 15,8 пайызға артып 380 мың адамға жетті. Бұл микроқаржы ұйымдарындағы проблемалы қарыз алушылардың жалпы санының 88 пайызы. Онлайн микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешек 40 млрд теңге болды. Қазіргі уақытта микроқаржыландыру секторында 230 микроқаржы ұйымы қызмет көрсетеді. Оның ішінде 30 компания онлайн микрокредиттеу сегментінде жұмыс істейді», — деді Нұрлан Әбдірахманов.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қонаевта Наурыз кең көлемде тойланды: этноауыл, концерт және ағаш отырғызу акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz