Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қазақстанда Digital Nauryz аясында жасанды интеллект тақырыбына арналған ашық дәрістер мен кездесулер ұйымдастырылады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шараларды Цифрлық технологиялар басқармасы өткізеді. Ашық форматтағы кездесулер IT-хаб үлгісінде ұйымдастырылып, кез келген азамат заманауи технологиялардың қалай жұмыс істейтінін түсініп, тәжірибе жүзінде таныса алады.

Қатысушыларға жасанды интеллектіні күнделікті өмірде, жұмыста және оқуда қалай қолдануға болатыны түсіндіріледі. Сондай-ақ генеративті модельдер арқылы контент жасау, мемлекеттік қызметтерді алу және цифрлық платформалармен жұмыс істеу жолдары көрсетіледі.

Кейбір өңірлерде AlemGPT пен Жасанды интеллектінің ұлттық платформасының мүмкіндіктері таныстырылады.

Демонстрациялық сессиялар аясында халықаралық және отандық ЖИ шешімдері ұсынылады. Атап айтқанда:

  • күнделікті міндеттерді шешуде генеративті ЖИ сервистерін (мысалы, ChatGPT, Claude) пайдалану;

  • KazLLM сияқты отандық тілдік модельдермен танысу;

  • Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект ұлттық платформасының мүмкіндіктерін көрсету;

  • ЖИ-ді білім беру, жұмыс, кәсіпкерлік және күнделікті өмірде қолданудың практикалық сценарийлері.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар халықтың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz