Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елге әкелінген шетелдік көліктер 200 мың теңгеге заңдастырылады

Парламент мәжілісі 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру үшін алынатын бірыңғай алымның мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

19.10.2022
Жаңалықтар

Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Құжатта шетелдік автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін бірыңғай алымның мөлшері көзделген.

«Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру үшін 200 000 теңге мөлшерінде төмендетілген бірыңғай алым мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады. Бұл халыққа автомобильдерге меншік құқығын тіркеуге және болашақта бюджетке көлік салығын төлеуге мүмкіндік береді», — деді мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Симонов.

Бұл ретте механикалық көліктердің санаттарын, алым мөлшерлемесін қолдану тәртібін, шарттары мен мерзімдерін үкімет айқындайды. Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, сенаттың қарауына жолдады.

Бұған дейін президент Қазақстан халқына жолдауында осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру, оларды кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алым белгілеуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқын алды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

23 тамызда Алматы облысында қоғамдық көлік тегін болады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Қарасайда жыл басынан бері 203 отбасы қоныс тойын тойлады

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысының әкімі Райымбек пен Кеген тұрғындарымен кездеседі

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

Алматы облысында аяғы құбырға қысылған сәби құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
21.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz