Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бразилия джунглиінде бір тайпаның ең соңғы өкілі қайтыс болды

Бразилияда 26 жыл жалғыз өмір сүрген «Шұңқырдан шыққан адам» деген атпен танымал үндіс қайтыс болды. Ол өркениеттен тыс қалған тайпаның соңғы өкілі болатын, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

30.08.2022
Жаңалықтар

РБК басылымының жазуынша, оның денесін Үндістердің ұлттық қорының қызметкерлері үйінің жанындағы гамактан тауып алған.

Сондай-ақ оқиға орнында бөтен адамдардың ізі мен алысу белгілері табылмағаны айтылды.

Бразилияның Рондония штатында жалғыз үндіс тұратыны туралы ақпараттар 1996 жылы тарала бастады.

Оны жұрт «Шұңқырдан шыққан адам» деп атап кетті: өйткені оның әр тұрағынан терең тесіктер табылды. Ол шұңқырды аң аулау және қолайсыз ауа-райында паналау үшін пайдаланды деп болжанады.

lenta.ru сайтының жазуынша, оның тайпасын 1970-1980 жылдары джунглидегі аумақты басып алған ағаш өңдеушілер мен фермерлер жоя бастаған. 1995 жылы олар бес адамнан тұратын соңғы топты өлтірді.

Оның аты-жөнін, тайпаластары туралы мәліметтерді ешкім білмейді. Оның өлімімен тайпаның геноциді аяқталды.

Сонау 2018 жылы соңғы үндіс видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Бейнежазбадан Шұңқырдан шыққан адам балта тәрізді құралмен ағаш шауып жатқанын көруге болады.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz