Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Алматы облысында жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектепте білім алып жатқан бірнеше оқушының денсаулығы сыр берген. Ата-аналар балалардың жағдайының нашарлауына құрылыс шаңы мен бояу иісі себеп болуы мүмкін деп алаңдап отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026
Жаңалықтар

Оқиға Іргелі ауылындағы мектепте болған. Телеарна мәліметінше, білім ордасындағы жөндеу жұмыстары шілде айының соңында басталып, жаңа оқу жылына дейін аяқталмаған. Соған қарамастан оқушылар мектеп ғимаратының бірінші қабатында білім алуды жалғастырған.

Ата-аналардың бірі Айман Токушеваның айтуынша, қызы сабақ кезінде өзін жайсыз сезінген. Сынып жетекшісі оқушының басы ауырғанын айтып, үйіне жіберген. Алайда анасы қызын қарсы алғанда оның қатты әлсіреп тұрғанын байқаған.

«Қызым басы айналып, жүрегі айнып, басы ауырғанын айтты. Содан кейін жедел жәрдем шақырдық. Дәрігерлер жағдайын тіркеп, бояуға аллергиялық реакция деген диагноз қойды», – деді ол.

Тағы бір ата-ана Жамиля баласының бастапқыда жөтеле бастағанын, кейін оған ентігу қосылғанын айтады. Оның сөзінше, баласының шаңға аллергиясы бар. Анасы мектептегі жөндеу жұмыстарын көргеннен кейін денсаулығының нашарлауы құрылыс жұмыстарымен байланысты болуы мүмкін деп күдіктенген.

Ата-аналар мектептің ескі ғимаратындағы жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын айтып отыр. Олар балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдап, жағдайды тексеруді талап етуде.

Ал мектеп директоры Гүлжахан Кенизбаева оқу процесі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтан оқшауланғанын мәлімдеді.

«Екі корпустың қосылған жерінен біз оқшаулап, есігін жауып тастағанбыз. Олар жөндеумен айналысып жатыр. Біз оқу процесімен айналысып жатырмыз. Бүгін балалар сабақта қалыпты жағдайда отыр. Дәл осы 7 бала келді бүгін. Өзіміздің педиатрымыз және бас дәрігер келіп, бақылауда ұстап отыр», – деді мектеп директоры.

Қазір ата-аналар денсаулығына байланысты мектепке бара алмай жүрген оқушыларға қашықтан білім алу мүмкіндігін қарастыруды сұрап отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz