Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Болат Әбділманов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Танымал театр және кино актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Болат Әбділманов Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Сахна мен экранда көптеген жарқын образды, соның ішінде ұлы Абайдың бейнесін сомдаған өнер қайраткері ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, азаматтық ұстанымын білдірді.

«Сахнада біз әрдайым шындық пен рухани тазалықты іздейміз. Ал Құрылтай сайлауы – әр азамат өз ұстанымын білдіріп, елдің болашағына қатысты таңдау жасай алатын маңызды сәт. Бүгін мен еліміздің тұрақтылығы, мәдениетіміздің дамуы және ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін дауыс бердім», – деді Болат Әбділманов.

Болат Әбділманов – қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан актер. Ол шығармашылық жолында тарихи тұлғалардан бастап, күрделі драмалық кейіпкерлерге дейін ондаған рөлді сомдады. Өнер саласына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Актердің шығармашылық қоржынында «Абай», «Томирис», «Ревизор» және басқа да кинотуындылар мен театр қойылымдарындағы рөлдер бар.

Айта кетейік, бүгін, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Өңірде 1 042 987 азаматтың дауыс беруге құқығы бар. Оның ішінде 14 104 тұрғын сайлауға алғаш рет қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Marvel әлемінен – Алматы облысына: Байкентте «Өрмекші адам» сайлау учаскесіне келді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Болат Әбділманов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Бес көлік, бір таңдау: «Сокол» клубы Құрылтай сайлауына ерекше келді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Шавкат Рахмонов Қонаевта Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Сайлау учаскесіне спорт көлігімен келді: Алматы облысында дрифт-шоу ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz