Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Болашақ тәрбиеден басталады»: Елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы таңдауын жасады

Алматы облысында Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасағандардың қатарында Қазақстан Республикасының «Құрметті жаттықтырушысы», Алматы облысы мен Райымбек ауданының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Бірбаев та бар, деп хабарлайды аlataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Қоғамдық және спорттық шараларға ұзақ жылдар бойы белсене араласып жүрген Бекболат Бірбаев Райымбек ауданындағы №763 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Саналы ғұмырын спорт саласына арнап, талай жастың үлкен спортқа қадам басуына үлес қосқан жаттықтырушы сайлауда таңдау жасау да азаматтық жауапкершіліктің бір көрінісі екенін атап өтті.

«Сайлау – әр азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіретін маңызды сәт. Жаттықтырушы ретінде мен үшін өскелең ұрпақтың тәрбиесі өте маңызды. Осы жылдар ішінде талай жасты тәрбиелеп, олардың спорттық дамуына ғана емес, қоғамдық өмірге белсенді араласуына да көңіл бөлдім. Осындай құндылықтарды бала кезден бойына сіңіру қажет», – деді Бекболат Бірбаев.

Оның айтуынша, жас ұрпақтың бойына жауапкершілік пен елге қызмет ету құндылықтарын сіңіру тәрбиеден басталады. Ал азаматтың қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен ел болашағына қатысты таңдау жасауы осы тәрбиенің жалғасы болуға тиіс.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Алматы облысында 683 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде бір миллионнан астам тұрғынның дауыс беруге құқығы бар.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Бірнеше түйеден бес мың басқа дейін: Сыдық Дәулетов Іле ауданында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Аудан бойынша 30-ға жуық шағын автобус тегін қызмет көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Талғарда алғаш дауыс берген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталды

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

«Болашақ тәрбиеден басталады»: Елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы таңдауын жасады

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Бокстан әлем чемпионы Толғанай Қасымхан Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz