Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бейжіңде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған мәдени шара өтті

Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласындағы Қазақстан мәдениет орталығында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Жамбыл – ғасыр ақыны» атты мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026
Жаңалықтар

Тағылымды шараға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов қатысып, облыс әкімі Шыңғыс Әріновтің арнайы құттықтауын жеткізді.

Кеш барысында қытайлық белгілі жазушы әрі аудармашы Ақбар Мажит Жамбыл шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі айрықша орнына тоқталды. Ол ақын мұрасының ұрпақтар сабақтастығын сақтауда ғана емес, халықтар арасындағы мәдени байланысты нығайтуда да маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Мерейтойлық шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының мамандары, Бейжің тұрғындары, сондай-ақ қазақ-қытай мәдени байланыстарының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатысты.

Іс-шара аясында Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды. Көрермен назарына ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін 100-ден астам жәдігер ұсынылды. Олардың қатарында Жамбыл Жабаевтың жеке заттары, тұрмыста қолданған бұйымдары және ақын мұрасына қатысты құнды дүниелер бар.

Мәдени бағдарламаны Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары жалғастырды. Олар қазақтың дәстүрлі өнерін дәріптейтін концерттік бағдарлама ұсынып, Жамбылдың жырларын Бейжің төрінде әуелетті.

Бейжіңде өткен «Жамбыл – ғасыр ақыны» мәдени шарасы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің мол мұрасын халықаралық деңгейде насихаттап, Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға бағытталды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz