Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында басқарма басшылары тағайындалды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өкімімен басқарма басшылары тағайындалды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

05.09.2022
Жаңалықтар, Сұхбат

Асылан Саматұлы Ораз экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының, Алмас Сұлтанұлы Батанов жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Асылан Саматұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша, 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, 2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Саясаттану, әлеуметтік білімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

2014 жылдың қазан айынан ҚР Қаржы министрлігі Көлік және коммуникация өнеркәсібі бюджеті департаменті директорының орынбасары лауазымында болған.

Алмас Сұлтанұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттау жүйесі» мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы технологиялар және бизнес университетін «стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2010 жылы Ноттингем Университетін «ақпараттық технологиялар менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы «Метрология» РМК Алматы филиалының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы, Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

Тегтер: жаңа лауазымтағайындау

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival: креативті индустрияға жаңа серпін

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жаңа Конституция: Алматы облысында жергілікті басқару мен тұрғындардың құқықтары қалай реттеледі?

Қорлан Нұрланқызы
04.10.2026

Жамбыл Жабаевтың мерейтойынан кейін 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында халықаралық бәйге жеңімпаздарына үш автокөлік табысталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

Алматы облысында тұрғын үйге бөлінген 101,4 млн теңгені жымқырғандар сотталды

Қорлан Нұрланқызы
03.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz