Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Азық-түлік инфляциясы 20 пайызға жетті

Бұл туралы Қонаев қаласындағы басқосуда Мемлекет басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

19.10.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Алматы облысының және бүкіл Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту деңгейі азаматтарымыздың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

«Геосаяси турбуленттілік және жаһандық экономикадағы дағдарыстың күшеюі әлемдегі инфляциялық қысымды күшейтеді. Бұл әсіресе азық-түлік нарығында сезіледі», — деді ҚР Президенті тұрғындармен кездесу сәтінде.

Мемлекет басшысының ақпаратына қарағанда, қыркүйек айында біздің еліміздегі инфляция 17%-дан асты және қазірдің өзінде өсу дерегі тоқтаған жоқ. Бұл азаматтардың нақты табысының төмендеуіне әкеледі. Бағаның өсуіне негізгі әсер етуші фактор — азық-түлік инфляциясы, ол 20 пайызға жетті.

«Бұл көбінесе импорттық азық-түліктің қымбаттауына байланысты. Біздің импортқа тәуелділігімізді азайту үшін 2024 жылға дейін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары қолданысқа енгізілді. Мемлекет форвардтық несиелеуге 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Бұл фермерлерге көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізуге және күзде өнімді кепілді өткізуге мүмкіндік береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар ол көп жағдайда азық-түлік бағасының өсуіне делдалдар түрткі болатынын айтты.

«Дүкен сөрелеріне шықпас бұрын, өнімдер бағаның бірнеше сатысынан өтетіні ешкімге құпия емес. Сондықтан тауарды жеткізушілер тізбегінен алыпсатарларды шеттету керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауда логистикасын бір жолға қою өте маңызды. Осыған дейін де бұл мәселе жайлы айтылып, тапсырмалар берілген», — деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, делдалдардың жұмыс істеу бағытын тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялар алыпсатарлықты, сөз байласуды және заңсыз сауда үстемелерін анықтау жөніндегі жұмысты күшейтуі тиіс. Бағалар тапсырыс бойынша реттелмейді, бірақ әкімдер сатып алушылармен тиісті түрде айналыса алады.

«Үкімет ауыл, аудан, қала, облыс әкімдерімен бірлесіп 2022-2024 жылдарға арналған инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін тиімді және уақтылы іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл негізгі мәселе менің жеке бақылауымда болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тегтер: Қасым-Жомарт Тоқаевмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Halyk Open Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2026

Нашақорлық – қоғамға төнген қауіпті дерт

Диана Ахметова
07.08.2026

Алкогольсіз қоғам: денсаулық пен тұрақтылық жолы

Диана Ахметова
07.08.2026

Конституциялық реформалар – жаңа кезең бастауы

Диана Ахметова
07.08.2026

Заңға бағыну – азаматтық парыз

Диана Ахметова
07.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz