Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда жәндіктер мен кеміргіштер көбейіп кетті

Алматы тұрғындары соңғы уақытта кеміргіштер мен жәндіктердің көбеюіне байланысты көп шағымданып жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

28.07.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне соңғы уақытта кеміргіштер (егеуқұйрық, тышқан) мен жәндіктердің (тарақан, қандала, маса) көбеюіне байланысты қала тұрғындарынан түсетін шағымдар күрт өскен. Осыған байланысты «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР кодексіне сәйкес профилактикалық дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу шараларын Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы жүзеге асыратынын хабарлады.

«Қала аумағында және жеке меншік үй иеліктерінде профилактикалық дератизация жылына екі рет, яғни көктемгі және күзгі кезеңдерде жүргізілуі тиіс. Кеміргіштермен байланысты барлық мәселемен аталған басқармаға немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық әкімдікке жүгіну қажет», — деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, қалалық СЭБД көп қабатты үйлердің тұрғындарына хабарлама жасады.

«Тоқсанына 1 рет жоспарлы түрде өткізілетін кеміргіштерді жою жөніндегі жұмыстарды тұрғын үйлердің подъездерінде, жертөлелерінде, шатырларында, қоқыс жәшіктерінде және олардың айналасында, сондай-ақ дезинфекциялау ұйымдарын жалдау жолымен кәріз құдықтарында пәтер иелері кооперативтері (ПИК) жүргізуі тиіс. Осыған байланысты көп қабатты үйлердің тұрғындары ПИК басқармасынан осы жұмыстың уақытылы және тиімді орындалуын талап етуге толық құқылы», — деп мәлімдеді СЭБД-дан.

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
21.09.2026

Жамбыл ауданында ветеринариялық нысандардың құрылысы тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Талғар әкімі Бурабай мен Бесқайнардағы проблемалық нысандарды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған дүбірлі той өтеді

Қорлан Нұрланқызы
21.09.2026

Қонаевта Қала күні алты күн бойы тойланады

Қорлан Нұрланқызы
20.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz