Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы квота енгізіледі

Жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін «Алматы жастары» ипотекалық бағдарламасы бойынша арнайы квота енгізіледі. Бұл туралы Алматы педагогтерінің тамыз форумында қала әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

25.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Форум барысында мұғалімдерді қолдау және педагог мәртебесін арттыруға арналған бағдарламалар сөз болды.

«Бізде «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бар. Жыл сайын 1000 адамның тұрғын үй сатып алу үшін арнайы қаржылық жағдай жасаймыз. Бағдарлама кең танылған, бұған жыл сайын көптеген үміткер қатысады. Сол себепті мен әріптестеріммен ақылдасып, келесі жылдан бастап жас мұғалімдер мен дәрігерлер үшін арнайы квота енгізетінімізді мәлімдеймін. 1000 адамға тағы 100 квота қосылады: 50-і жас мұғалімдерге, 50-і жас дәрігерлерге», — деді қала әкімі.

Бұған қоса, әкім қаржылық мүмкіндік болған кезде мамандық пен жас мұғалімдердің дамуы үшін қосымша іс-шаралар қабылдауға және бағдарламаны кеңейтуге уәде берді.

Еске салайық, «Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасы төмен пайыздық мөлшерлемемен 2020 жылы басталған болатын. Оған 35 жасқа дейінгі алматылықтар қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz