Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының жас балуандары Афинадағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Грекия астанасы Афинада өткен еркін күрестен IV халықаралық «ANACHARSIS 2026» турнирінде қазақстандық жас балуандар жоғары нәтиже көрсетті. Әсіресе Алматы облысының спортшылары ел қоржынына екі алтын және бір қола медаль салып, өңір мерейін үстем етті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2026
Жаңалықтар

32 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысқан халықаралық додада Қазақстан намысын Auyl Sport жобасының алты тәрбиеленушісі қорғады. Олардың бесеуі жүлде тұғырына көтеріліп, Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есепте бірінші орын алуына үлес қосты.

Алматы облысы үшін бұл жарыс ерекше нәтижелі болды. Іле ауданының Екпінді ауылынан барған Явуз Асанов қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді. Ал осы ауданның Байкент ауылының өкілі Берік Аманбай қола жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы турнир қорытындысында Auyl Sport жобасының спортшылары бес медаль жеңіп алды. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының өкілі Ерасыл Тажаддин де чемпион атанса, Атырау облысының Тасқала ауылынан келген Амир Серік пен Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылының спортшысы Сұлтан Ясыров күміс жүлдеге ие болды.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Софиевка ауылының өкілі Әділ Омархан да халықаралық додада Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті.

Осылайша, ауылдан шыққан жас спортшылардың нәтижесі Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есепте І орын иеленуіне мүмкіндік берді.

Жарыс аяқталғаннан кейін жас балуандар үшін екі күндік халықаралық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Жиын барысында Қазақстан құрамасының U15–U17 жас санатындағы аға жаттықтырушысы Айдос Лекеров, сондай-ақ АҚШ пен Грекияның аға жаттықтырушылары жас спортшылармен тәжірибе бөлісті. Бұл ауыл балалары үшін халықаралық деңгейдегі мамандардан тәлім алып, кәсіби шеберлігін жетілдіруге қосымша мүмкіндік болды.

Айта кетейік, ауылдық жерлердегі балалардың спортпен жүйелі әрі кәсіби айналысуына мүмкіндік беретін Auyl Sport жобасын Тимур Құлыбаевтың Halyk қайырымдылық қоры жүзеге асырып келеді. Жоба 2024 жылы басталған. Осы уақыт ішінде оған еліміздің әр өңіріндегі 20 мыңға жуық ауыл баласы қатысты.

Биыл жобаның үшінші маусымы басталды. Auyl Sport ауылдағы жас спортшыларға үлкен спортқа жол ашып қана қоймай, олардың республикалық және халықаралық жарыстарда тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беріп отыр.

Афинадағы нәтиже – соның бір көрінісі. Алматы облысының шалғай ауылдарынан шыққан жас балуандардың халықаралық аренадағы жеңісі ауыл спортының әлеуеті жоғары екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
11.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
11.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
11.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
11.09.2026

«Алтын-Емелде» қар барыстары фототұзаққа бірнеше рет түсті

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz