Департамент мәліметінше, үміткерлер бос лауазымдарға орналасу үшін бастапқы кәсіби даярлықтан өтуге іріктеледі. Құжат қабылдау 2026 жылғы 9 қыркүйекте басталып, 22 қыркүйекке дейін жалғасады.
Ең көп бос орын Қонаев қаласы мен Талғар ауданында қарастырылған. Қонаев қаласының №1 және №10 өрт сөндіру бөлімдеріне төрт жүргізуші-қызметкерден қабылданады. Талғар ауданындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне де төрт маман қажет.
Еңбекшіқазақ ауданындағы №6 өрт сөндіру бөліміне екі, Кеген ауданындағы №7 өрт сөндіру бөліміне екі жүргізуші-қызметкер іздестірілуде.
Ал Қарасай ауданындағы №5, Іле ауданындағы №8 және Райымбек ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлімдеріне бір-бір маманнан қабылдау жоспарланған.
Осылайша, облыс бойынша жарияланған бос жұмыс орындарының жалпы саны 19-ды құрайды.
Үміткерлер өтінімді tjm-qabyldau.emer.kz порталы арқылы бере алады. Құжаттар Алматы облысы, Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі, 46/1 мекенжайында да қабылданады.
Қосымша ақпаратты 8 700 901 19 90 телефоны арқылы алуға болады.





