Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының төрт ауданында білім саласындағы жемқорлық көбейді

Бұл туралы өңірде білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралған жиында айтылды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

26.08.2022
Аймақ, Жаңалықтар, Қоғам

Жиынға Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің басшысы Серік Орымбетов, облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов, білім басқармасының басшылары және мектеп директорлары қатысты.

Аймақта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына сәйкес, білім беру саласы жемқорлыққа бейім. Кадр мәселесін шешу, мемлекеттік бағдарламалардың қаржысын жұмсау мен мемлекеттік сатып алу барысында құқықбұзушылықтары белең алып жатыр.

«Білім беру мекемелерінде «ата-аналар комитеттері» жемқорлыққа апарар бірден-бір жол. Себебі олардың қызметі реттелмеген және күнделікті жемқорлыққа негіз қалайды. Сыныптың ұйымдастырушылық мәселелері үшін сынып жетекшісі бар. Олар сол үшін жалақы алады», – дейді Серік Орымбетов.

Департамент басшысының айтуынша, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі бір құрал 1424 call-орталығы. Орталық арқылы биыл 42 тұрғыннан білім беру саласына қатысты шағымдар келіп түсті. Ал соңғы екі аптада 13-тен астам арыз тіркелген. Шағымдардың көп бөлігі Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле және Талғар аудандарынан.

«Сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған 23 мектеп директоры кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Білім беру мекеме басшыларының барлығына 200 АЕК яғни, 612 600 теңге көлемінде айыппұл салынды», – деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы.

Айта кету керек, биыл өңірде жемқорлық қылмысы бойынша 100 факті анықталды. Пара алу дерегімен 72 қылмыс тіркелді. 68 адам жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталды.

Тегтер: жемқорлықСерік Орымбетов

Соңғы жаңалықтар

ІІМ: 1 шілдеден бастап аулаларда көлік қоюға тыйым салынбайды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Алматы облысында сел қаупін бақылауға арналған маусымдық бекеттер іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Қауіпсіз жол үшін қандай ережелерді сақтау қажет?

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Заңға құрмет – тұрақты қоғамның негізі

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

Hand with Glowing bulb on the wood background

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтері қайта қаралады

Қорлан Нұрланқызы
16.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz