Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының тауларында адасып кеткен екі турист құтқарылды

Алматы облысында ауа райының қолайсыздығынан тауда бағытынан адасып кеткен екі туристке құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданында, Үлкен Алматы шыңының маңында болған. Ағалы-қарындас екі турист таудан түсу кезінде ауа райының күрт бұзылуына байланысты бағытынан жаңылған.

Түсу барысында қатты жаңбыр жауып, тауды қою тұман басқан. Салдарынан туристер әрі қарай қай бағытта жүру керегін анықтай алмай, таудан өздігінен түсу мүмкін болмаған соң құтқарушылардан көмек сұраған.

Шақырту бойынша ТЖМ Республикалық «Барыс» құтқару қызметінің мамандары іздестіру жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар туристерді тауып, қауіпсіз бағытпен автокөлік тұрған жерге дейін алып түсті. Кейін олар қалаға жеткізілді.

Туристерді Апаттар медицина орталығының мамандары тексерді. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмаған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы. Алдын-ала болжаммен Парламентке өткен партиялар аталды

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

Тоқаев Құрылтай сайлауына байланысты шетелдік әріптестеріне алғыс айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

ЕҚЫҰ Қазақстандағы Құрылтай сайлауына қатысты алғашқы қорытындысын жариялады

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

Алматы облысының тауларында адасып кеткен екі турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

Жібек жолы – Қаскелең арасы 10 қыркүйекке дейін жабылады

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz