Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарында тарихи жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық Әлижан Аблагатов ушу-саньдадан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді. Алматы облысының намысын қорғаған спортшының бұл жетістігі Қазақстан үшін тарихи нәтиже болды – ел қоржынына ушу-саньдадан Азия ойындарындағы алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026
Жаңалықтар

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әлижан Аблагатов жартылай финалда Иран өкілі Ерфан Мохаррами Пирагноммен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте ирандық спортшы басым түсіп, финалға жолдама алды.

Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген спортшылар қола жүлдеге ие болады. Осылайша, Әлижан Аблагатов XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұл – Қазақстанның ушу-саньда тарихындағы Азия ойындарында қол жеткізген алғашқы медалі.

Ширек финалда қарсыласын нокаутпен жеңді

Әлижанның жүлдеге апарар жолындағы шешуші кездесулердің бірі ширек финалда өтті. Қазақстандық спортшы Вьетнам өкілі Чыонг Ван Чуонгпен шеберлік байқасты.

Жекпе-жектің алғашқы сәттері тең дәрежеде өткенімен, кейін Әлижан бастаманы өз қолына алды. Ол қарсыласын мерзімінен бұрын нокаутпен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осы жеңістің арқасында қазақстандық спортшы кемінде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Әлижан Аблагатов бұған дейін де халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп үлгерген. 2025 жылдың қыркүйегінде 18 жастағы спортшы Бразилияда өткен ушу-саньдадан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Сол жарыста 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ол Гонконг, Мысыр және Түрікменстан спортшыларын кезекпен жеңіп, ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалына дейін жеткен еді.

Енді Әлижан Аблагатов Азия ойындарында да жүлдеге қол жеткізіп, Қазақстан ушу-саньдасының тарихына енді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
23.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
23.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
23.09.2026

Алматы облысында «Үздік сынып жетекшісі – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарында тарихи жүлдеге қол жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
23.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz