Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының сәулет басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Арман Айшуақов тағайындалды. Тиісті өкімге облыс әкімі қол қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026
Жаңалықтар

Арман Еркінұлы Айшуақов 1991 жылы дүниеге келген. 2013 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сәулет» мамандығы бойынша тәмамдап, 2014 жылы осы оқу орнында магистр дәрежесін алған.

2023 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын сәулет саласында бастаған. Әр жылдары «ПСК Архат 2» ЖШС-де және Алматы қаласындағы «Алматыгипрогор» жобалау институтында сәулетші болып жұмыс істеген.

Кейін Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман қызметін атқарып, Жетісу және Алмалы аудандарында қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру қызметіне жетекшілік еткен.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

2026 жылғы 1 қазанда Алматы облысы әкімінің өкімімен Арман Айшуақов облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта апатты үйлер сүріліп, тұрғындар жаңа баспанаға көшірілуде

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында PepsiCo үшін 26 мың тонна картоп сақтайтын қойма іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz