Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы прокуратурасы қызметкерінің Алматы қаласындағы көңіл көтеру орындарының бірінде болған жанжалға қатысы бар екені туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026
Жаңалықтар

Тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 5 қыркүйекте болған. Әлеуметтік желідегі жазбада Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны айтылған. Сондай-ақ оның полиция басқармасына жеткізіліп, кейін босатылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Редакция ақпараттың мән-жайын анықтау үшін Алматы облысының прокуратурасы мен Алматы қаласының полициясына ресми сауал жолдады.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі қаладағы мекемелердің бірінде жанжал болғаны туралы «102» пультіне хабарлама түскенін растады.

«Оқиғаға қатысушылар Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.

Ал әлеуметтік желіде тараған ақпараттағы прокуратура қызметкеріне қатысты мәліметтерге Алматы облысының прокуратурасы әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz