Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Алматы облысының Іле ауданында тұрғындардың өтініші негізінде бірқатар елді мекеннің автомобиль жолдары жөнделіп жатыр. Жоспар бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарын биыл қараша айына дейін аяқтау көзделген, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026
Жаңалықтар

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жол инфрақұрылымын жақсарту мәселесі аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің тұрғындармен кездесулерінде бірнеше рет көтерілген. Әсіресе, ауылішілік жолдардың жағдайына қатысты өтініштер жиі түскен.

Тұрғындардың ұсыныстары негізінде жауапты мамандар жолдардың техникалық жағдайын зерделеп, жөндеуді қажет ететін учаскелерді анықтаған. Кейін тиісті сметалық құжаттар әзірленіп, бірқатар нысан 2026–2027 жылдарға арналған өтпелі жобалар тізіміне енгізілген.

Қазіргі уақытта ауданның бірнеше елді мекенінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Боралдай кентіндегі Көкжиек көшесі мен Байкент ауылдық округіндегі автомобиль жолы жөнделіп жатыр. Сонымен қатар Ақсай ауылындағы төрт көшеде, Байсерке ауылындағы Қоңырөлең және Іле көшелерінде жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары қолға алынған.

Бұдан бөлек, Қосөзен ауылындағы Жасұлан көшесі мен Кенен Әзірбаев ауылындағы Степная көшесінде де жол жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жоспарға сәйкес, аталған жол учаскелеріндегі жұмыстар 2026 жылдың қараша айына дейін аяқталуы тиіс.

Аудан әкімдігі жөндеу жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде орындалуы аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетовтің және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тұрақты бақылауында екенін айтады.

Жергілікті атқарушы органдар алдағы уақытта да тұрғындар көтерген мәселелерді ескере отырып, елді мекендердің жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстарын кезең-кезеңімен жалғастыруды жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 207 отбасы жаңа баспанамен қамтылады

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында PepsiCo үшін 26 мың тонна картоп сақтайтын қойма іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

Интернет алаяқтықтан сақтану – қауіпсіздіктің маңызды шарты

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz