Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының бас әділетшісі: «Әділетті Қазақстан» құру жолында әр азамат жауапкершілікті сезінуі керек

Қазақстанда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту және қоғамда жауапкершілік пен әділдік құндылықтарын орнықтыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Жанболат Самашев осы бағыттағы жұмыстар мен әділет органдарының қоғам алдындағы міндеттері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026
Жаңалықтар

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі – елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етуге атсалысатын негізгі мемлекеттік органдардың бірі. Министрліктің құзыретіне заң жобаларын қадағалау, заңнаманы жетілдіру, халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттік тіркеу, заң көмегін көрсету, құқықтық насихат жүргізу, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету және зияткерлік меншік құқықтарын қорғау секілді маңызды міндеттер кіреді.

Әділет саласының тарихы да тереңде жатыр. Жанболат Самашев келтірген деректерге сәйкес, оның негізі 1920 жылы құрылған ҚазАКСР Әділет халық комиссариатынан бастау алады. 1946 жылы құрылым Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталып, 1960 жылы таратылған. Ал 1970 жылғы 25 қыркүйекте қайта құрылған. Тәуелсіздік жылдарында ведомствоның құрылымы мен құзыреттері уақыт талабына сай бірнеше рет өзгертіліп, заңнамалық тұрғыдан жетілдірілді.

Бүгінде Әділет министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа алып, Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының негіздерін қалыптастыруға атсалысып келеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар Алматы облысында да жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс қайта құрылғаннан кейін өңірлік Әділет департаментінің алдына бірқатар міндет қойылды. Соның ішінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Департамент мамандары халыққа заңнама талаптарын түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру семинарларын ұйымдастырып, білім беру мекемелерінде жастармен кездесулер өткізіп келеді. Сонымен қатар нотариаттық қызмет, құқықтық кеңес беру, азаматтық хал актілерін тіркеу және өзге де бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жанболат Самашевтың пікірінше, «Әділетті Қазақстан» құру тек мемлекеттік органдарға жүктелетін міндет емес. Бұл үдерісте қоғам мүшелерінің жауапкершілігі мен «Адал азамат» қағидатының орны ерекше.

Ол Мемлекет басшысы айтқан ел бірлігі мен тұрақтылығы, әділдік, заң мен тәртіп, сенім мен жауапкершілік секілді құндылықтар жаңа қоғамдық этиканың өзегіне айналуға тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, кәсібилік, еңбекқорлық пен елге жанашырлық қасиеттері «Адал азамат» ұғымының мазмұнын айқындайтынын жеткізді.

 

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

Алматы облысының бас әділетшісі: «Әділетті Қазақстан» құру жолында әр азамат жауапкершілікті сезінуі керек

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz