Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы Шелек ауылында жаңғыртылған кітапхана ашылды

Алматы облысының Шелек ауылындағы кітапхана күрделі жаңғыртудан өтіп, қайта пайдалануға берілді. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ауыл тұрғындары мен оқырмандар қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңғыртылған кітапхананың ашылуына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, кітапхана қорына сұранысқа ие 100-ден астам кітап сыйға тартты.

Жаңа форматтағы кітапхана заманауи технологиялармен толық жабдықталған. Мұнда оқырмандарға барлық қолайлы жағдай жасалып, ғимарат бірнеше функционалды бөлімге бөлінген.

Кітапханада оқу, абонемент және конференция залдары, балалар мен интернет бөлімдері, сондай-ақ коворкинг орталығы қарастырылған. Қазіргі таңда кітап қоры 88 мыңнан асады. Ал тіркелген оқырмандар саны 4500-ге жуық.

Жобаның жалпы құны 422 миллион теңгені құрады.

Салтанатты шара барысында Марат Сұлтанғазиев кітапхананың қоғамдағы орны мен маңызына ерекше тоқталды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапхана ісін дамытуға әрдайым ерекше назар аударып келеді. Президент “Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады” деп атап өткен болатын. Шынында да, кітапхана – руханияттың алтын ордасы, білім мен тәрбиенің қасиетті шаңырағы. Ұлттың мәдени деңгейі мен зияткерлік әлеуеті кітап оқуға деген көзқарасымен өлшенеді», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қоғамдағы кітап оқу мәдениетін дамытуға жаңа серпін бергенін атап өтті.

Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев облыста бүгінде 145 кітапхана тұрақты түрде мәдени-ағартушылық қызмет көрсетіп отырғанын айтты. Оның сөзінше, өңірде кітапхана қорын толықтыру және кітапханаларды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.

«Бұл кітапхана енді тек кітап оқитын орын ғана емес, жастардың ізденісіне жол ашатын, балалардың білім мен тәрбие алатын, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін заманауи мәдени-рухани орталыққа айналады деп сенеміз», – деді ол.

Шараға қатысқан Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев пен ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева да кітапхананың ашылуы ауыл жастары үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

Олар кітапхананың заман талабына сай жабдықталуы жастардың интеллектуалдық және рухани дамуына оң әсер ететінін айтып, кітапхана қорына құнды кітаптар тарту етті.

Жергілікті тұрғындар мен оқушылар да жаңа кітапхананың ашылуына қуанышты екенін жеткізді.

«Ғимарат өте жарық әрі жайлы. Бізге қажетті кітаптардың бәрі бар. Осындай заманауи кітапханада білім алып, уақыт өткізудің өзі ерекше әсер береді», – деді оқушы Айбек Нұрғали.

Мамандардың айтуынша, өңірде кітапханаларды жаңғырту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Бұл бастама қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
23.05.2026

Алматыда бес жасар бала алтыншы қабаттан құлап кете жаздады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында есектерді зебраға ұқсатып бояған: полиция тексеріс бастады

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Іле ауданында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді: 25 мың гектар жер өңделеді

Қорлан Нұрланқызы
22.05.2026

Алматы облысында кореялық компания әлемдік деңгейдегі телехикая түсіріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
21.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz