Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысындағы бірқатар тұрғын үй кешені жарықсыз қалуы мүмкін

14 қыркүйектен бастап Алматы облысы мен Алматы қаласындағы бірқатар тұрғын үй кешенінде электр энергиясын беру шектелуі немесе толық тоқтатылуы мүмкін. Бұған басқарушы компаниялардың электр қуаты үшін жинақталған қарызы себеп болып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026
Жаңалықтар

«Алатау жарық компаниясының» «Энергосбыт» филиалының мәліметінше, электр энергиясына берешегі бар басқарушы компанияларға қарасты тұрғын үйлерге қатысты заңнамада және электрмен жабдықтау шарттарында көзделген шаралар қолданылмақ.

«2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап электр қуатына берешегі бар басқарушы компанияларға қарасты тұрғын үй кешендерінің борышкерлеріне қатысты заңнамада және электрмен жабдықтау шарттарында көзделген шаралар қолданылады. Электр қуатын беруді шектеуге немесе толықтай тоқтатуға дейін шаралар қолданылуы мүмкін», – деп хабарлады компания.

Жалпы борышкерлер тізіміне Алматы мен Алматы облысындағы 38 тұрғын үй кешені, тұрғын алап пен өзге де нысандар енгізілген. Ең ірі берешек «Medeu city» тұрғын үй кешеніне тиесілі – 102,18 млн теңге. Одан кейін «Мирас» – 48,51 млн теңге, «Etasa Резиденс» – 40,77 млн теңге, «Meridian Apartments» – 39,48 млн теңге және «Four Seasons» тұрғын үй кешені 28,76 млн теңге қарыз болған.

Тізімде қарызы бірнеше миллион теңгеден асатын ондаған нысан бар. Мәселен, «Өжет» тұрғын үй кешенінің берешегі 28,4 млн теңге, «София» – 24,83 млн теңге, Ерменсай шағынауданы – 20,06 млн теңге, «Titul town» – 19,49 млн теңге, ал «Melody» тұрғын үй кешенінің қарызы 18,2 млн теңгені құрайды.

Энергетикалық компания жылыту маусымы жақындағанын еске салып, электр энергиясын тұрақты әрі үздіксіз жеткізу үшін тұтынылған қуаттың ақысын уақытылы төлеу маңызды екенін атап өтті.

Сонымен қатар тамыз айынан бастап тұрғындарға берілетін түбіртектерде МИБ, ПИК немесе басқарушы компанияның электр энергиясы үшін берешегі жеке жолмен көрсетіле бастаған. Сондықтан тұрғындарға өз үйінің қарызы бар-жоғын тексеру ұсынылады.

Егер тұрғын үйді басқарушы ұйым электр энергиясы бойынша берешекті жеке шоттарға бөлу жөнінде қосымша келісім жасаса, жарық бүкіл тұрғын үй кешенінде емес, тек электр қуатының ақысын төлемеген пәтерлерде ғана өшіріледі.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Президент Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысында жоғалып кеткен оқушылар мен мұғалімдер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
13.09.2026

Алматы облысындағы бірқатар тұрғын үй кешені жарықсыз қалуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысының автобус паркі 1 млрд теңгеге жуық шығынға батты

Қорлан Нұрланқызы
12.09.2026

Алматы облысында дәстүрлі «Бақ күні» өтті

Мөлдір Иманмади
11.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz