Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысындағы Балаларды қолдау орталығы алғашқы мерейтойын атап өтті

Алматы облысының Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығында мекеменің ашылғанына бір жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Мерекелік шараға орталық тәрбиеленушілері, қызметкерлері, қонақтар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Салтанатты кешке қала әкімі Асхат Бердіханов қатысып, балаларды құттықтады.

Қала әкімі өз сөзінде орталықтың бір жыл ішінде қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға жан-жақты қолдау көрсететін маңызды әлеуметтік мекемеге айналғанын атап өтті.

«Өткен бір жыл ішінде бұл орталық балалар үшін сенімді тірекке айналды. Мұнда олардың білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Бұл – өскелең ұрпақтың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі. Ұжымға табыс, қажырлы еңбек, ал балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілеймін,» – деді Асхат Бердіханов.

Мерейтой аясында орталық тәрбиеленушілері арнайы концерттік бағдарлама ұсынды. Балалар ән айтып, би билеп, шығармашылық және спорттағы жетістіктерін көрсетті. Қонақтар олардың өнеріне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік іс-шара үлкен тортпен ұйымдастырылған дастарқанмен жалғасып, түрлі-түсті отшашу мен аниматорлардың қатысуымен өткен ойын-сауық бағдарламасымен қорытындыланды.

Қазіргі таңда Алматы облысының Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығында 170-тен астам бала тәрбиеленіп, білім алуда. Орталықта олардың сапалы білім алуына, әлеуметтік бейімделуіне, шығармашылық қабілеттерін дамытуына және жан-жақты қолдау көрсетуге барлық қажетті жағдай жасалған.

Орталық ұжымы бір жыл ішінде балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырып, олардың толыққанды өмір сүруіне және қоғамға бейімделуіне бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік білім гранттарының нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алматы облысындағы Балаларды қолдау орталығы алғашқы мерейтойын атап өтті

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 22 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алматы облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz