Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық күшейді

Алматы облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық басталды. Өңірде тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу, әлеуметтік осал отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдан улану қаупін азайтуға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2026
Жаңалықтар

Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Ержан Әділханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматы облысында 627 өрт тіркеліп, жеті адам зардап шеккен. Осыған байланысты жылыту маусымы қарсаңында тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілген.

“Біздің жұмысымыздың негізгі бағыты – тұрғын үй секторы. Барлық мүдделі қызметтермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеміз. Әсіресе зейнеткерлердің, мүгедектігі бар азаматтардың, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың қауіпсіздігіне басымдық беріледі”, – деді Ержан Әділханов.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері елді мекендерді аралап, тұрғындарға пеш пен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарын түсіндіруде. Бүгінге дейін мыңнан астам профилактикалық рейд жүргізіліп, бес мыңнан астам тұрғын қамтылған.

Мамандар улы газдан уланудың алдын алуға да ерекше назар аударып отыр. Осы мақсатта әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың үйлеріне газ концентрациясын анықтайтын арнайы датчиктер орнатылуда. 2025–2026 жылдары мұндай 1 024 құрылғы қойылған.

Қазіргі уақытта 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына арналған өрттің алдын алу іс-шараларының жоспары бекітілді. Сонымен қатар ерекше бақылауды қажет ететін тұрғындардың тізімі жаңартылып жатыр. Тиісті ақпарат алу үшін қала және аудан әкімдіктеріне сұрау жолданған.

Брифинг барысында газ жүйелерінің қауіпсіздігі мәселесі де көтерілді. Қолданыстағы талаптарға сәйкес, газ жүйелерін бақылау мен қадағалау Төтенше жағдайлар департаментінің құзыретіне шектеулі көлемде кіреді. Бұл бағыттағы негізгі бақылау әкімдік жанынан құрылған газ-техникалық инспекцияға жүктелген.

Мамандар тұрғындарға жылыту маусымы басталғанға дейін пештер мен мұржаларды тексеріп, электр және газ жабдықтарының жарамдылығына назар аударуды ескертеді. Қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау өрт пен улы газдан уланудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz