Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 9 бала қайтыс болды

Биыл жыл басынан бері жасөспірімдердің қатысуымен 207 жол апаты болды, 9 бала қаза тапты, тағы 300-і әртүрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

22.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Сол себепті балалардың қауіпсіздік дағдыларын мектепке дейінгі кезеңде қалыптастыру қажет.

«Балалар жолда жүру ережесін сіз бен бізден үйренеді. Көп жағдайда балалар жолда жарақат алып, түрлі жағдайға ұшырап жататыны көлік жүргізушілерінің ғана кінәсінен емес, ол көбінесе балалардың жол жүру ережесін білмегендігінен де болады. Балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп және жүріс-тұрысын қадағалап, балаларды көшеде болатын қауіпті жағдайлардан сақтандыру әрбір ата-ананың міндеті», – дейді Алматы облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Ысқақов.

Жаңа оқу жылының басталуына аз уақыт қалды. Балалар жарақатының алдын алу, сондай-ақ, алдағы оқу жылында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлері мен мектеп, мектепке дейінгі оқу мекемелерінің ұжымы бірлесіп, жол жүрісін реттеу техникалық құралдарына, жолдарға, көшелерге тексеру жұмыстарын жүргізді.

«Барлығы 356 мектеп және 126 балабақша маңындағы көше-жолдар тексеріліп, тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюға жауапты мекемелерге 172 ұйғарым жолданды», – деді полковник Нұрлан Ысқақов.

Тегтер: Жол апаты

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz