Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жолға арналған 20 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы облысының Өтеген батыр ауылындағы «Жаңа Әлем» тұрғын алабында он жылдан астам уақыт бойы шешілмей келген жол мәселесі оң шешімін тапты. Прокуратураның араласуынан кейін жол салуға арналған 20 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылып, алғашқы көшеде жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Alataunews.kz «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026
Жаңалықтар

«Жаңа Әлемге» алғашқы тұрғындар 2000 жылдардың басында қоныстана бастаған. Содан бері аумақ кеңейіп, бүгінде мұнда 1,5 мыңнан астам адам тұрады. Алайда тұрғын алабында жол, тротуар мен көше жарығы мәселесі ұзақ жылдар бойы шешілмей келген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, инфрақұрылымның жоқтығы әсіресе балаларға қиындық туғызған. Жауын-шашынды күндері олар мектепке лай кешіп баруға мәжбүр. Жолдың нашарлығынан жедел жәрдем көлігі мен таксилердің де тұрғын үйлерге жетуі қиындаған.

Өтеген батыр ауылының тұрғыны Назия Үтелбаева бұл мәселені тұрғындар 2005 жылдан бері көтеріп келе жатқанын айтады.

«Немерелерім таңертең мектепке ақ жейдемен кетіп, үйге үсті-басы лай болып келеді. Осы мәселені шешу үшін талай жерге жүгіндік. Бірақ жер жеке меншікте болғандықтан, әкімдіктің жол салуға мүмкіндігі болмады», – дейді ол.

Тұрғындардың өтінішінен кейін Іле ауданының прокуратурасы тексеру жүргізіп, жалпы пайдалануға арналған жолдардың жер телімдері жеке меншікте екенін анықтаған.

Іле ауданының прокуроры Бауыржан Түлендиновтың айтуынша, заң бойынша жолға арналған жер жеке меншікте болмауға тиіс. Осыған байланысты прокуратура 1,5 мыңнан астам тұрғынның мүддесін қорғап, жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы сотқа жүгінген.

Іле аудандық соты прокуратураның талабын толық қанағаттандырды. Нәтижесінде жол салуға арналған жалпы аумағы 20 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Өтеген батыр ауылдық округінің әкімі Төлеген Омаровтың сөзінше, сот процесі шамамен сегіз айға созылған. Қазір алғашқы көшеде жөндеу жұмыстары басталды.

«Мұнда барлығы 12 көше бар. Қазір қалған көшелерге кезең-кезеңімен жол салу, абаттандыру бойынша жоба әзірленіп жатыр», – деді әкім.

Жоба аясында автомобиль жолдарын салумен қатар, көше жарығын орнату, тротуарлар мен аллеялар салу, балалар ойын алаңдарын орналастыру жоспарланған.

Әкімдік мәліметінше, қажетті қаржы уақытылы бөлінсе, негізгі жұмыстарды келесі жылы аяқтау көзделіп отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Алматы облысында коммуналдық қызмет тарифтері өседі

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында тұқым жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында сүт өндірісі артып, агросекторға миллиардтаған теңге қолдау көрсетілді

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында жолға арналған 20 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz