Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау басталды

Алматы облысында орман қорын молайту мақсатында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау жұмыстары басталды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы шараға орманшылар, колледж студенттері, оқушылар мен ауыл белсенділері қатысып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026
Жаңалықтар

Жас орманшылар бір апта ішінде Бақанас, Шелек, Күрті және Нарынқол орман шаруашылықтарының аумағынан 1 тоннадан астам жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинауды жоспарлап отыр. Оның ішінде «Күрті орман шаруашылығы» аумағында 500 келі жиде тұқымын жинау көзделген.

Шараның негізгі мақсаты – табиғи тұқым қорын қалыптастыру, орман алқаптарын ұлғайту және жас ұрпақтың табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.

Акцияға қатысқан оқушы Баукен Ерғалидың айтуынша, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін бала кезден қалыптастыру маңызды.

«Қазақстанды, елімізді әрқашан таза ұстауымыз керек. Қоқысты арнайы жәшіктерге тастап, көбірек ағаш егуіміз қажет. Бала кішкентайынан тазалыққа үйренсе, еліміз бен жеріміз де таза болады деп сенемін», – деді ол.

Алматы облысында 2021-2027 жылдарға арналған орманды молайту және орман өсіру көлемін ұлғайту жөніндегі кешенді жоспар жүзеге асырылып жатыр. Жоспар бойынша өңірде 52 миллион түп көшет егу көзделген. Былтыр 17 мың гектар аумаққа 38,3 миллион көшет отырғызылған.

«Күрті орман шаруашылығы» КММ директоры Ғабит Ақшабақовтың айтуынша, акция аясында тұрғындарға жиде тұқымын дұрыс жинау жолдары түсіндіріліп, орман қорын көбейтудің маңызы туралы ақпарат берілген.

Алғашқы күннің өзінде ауыл белсенділері 200 келі жиде тұқымын жинады. Бір апта ішінде оның көлемін 500 келіге жеткізу жоспарланып отыр.

Жиналған тұқымдар Алматы облысындағы тұқымбақтарға егіледі. Екі жылдан кейін өсіп-жетілген көшеттер арнайы дайындалған алқаптарға көшіріліп, өңірдің орман қорын молайтуға пайдаланылады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жиде мен Шренк шыршасының тұқымын жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

Алматы мен облыс тұрғындары жер сілкінісін сезді

Қорлан Нұрланқызы
28.09.2026

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz