Қазақстан ұлттық деректер орталығының (KNDC) сайты ҚР Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығына сілтеме жасап жазғандай, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 13:53-те Нарынқол ауылынан солтүстік-батысқа қарай 25 шақырым жерде болған. Бұл – Алматыдан шамамен 247 шақырым.
Жер сілкінісі эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 42,81 градусы және шығыс бойлықтың 79,89 градусы. Магнитудасы – mb 4,2, энергетикалық класы – K 9,4. Ошақтың тереңдігі – 7 шақырым. Дүмпудің сезілгені туралы мәлімет жоқ.





