Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігі күшейтілді

Алматы облысының полиция қызметкерлері жаңа оқу жылы қарсаңында өңірдегі барлық 502 мектепті тексеріп шықты. Тәртіп сақшылары балалардың мектепке баратын бағыттарына ерекше назар аударды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.09.2026
Жаңалықтар

Мәлімет бойынша, полицейлер жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайын, жол белгілері мен таңбалардың талапқа сай болуын тексерген.

«Іс-шара басталғалы бері полиция қызметкерлері 900-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 112 рейд жүргізілді. Оқу орындарына іргелес аумақтардағы жол инфрақұрылымын тексеру қорытындысы бойынша 182 нұсқама берілді. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу бағытында 45 іс-шара ұйымдастырылды», — деді Алматы облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Берік Дәкеев.

Жол инфрақұрылымын жақсарту аясында облыста 1 200 жол белгісі орнатылып, жаңартылған. Сонымен қатар 6 300 шақырымнан астам жол таңбасы сызылып, 15 мың шаршы метр аумақта шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Өңірде «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелдері де енгізіле бастаған.

«Облыста осындай бес «ақылды» жаяу жүргіншілер өткелі жұмыс істеп тұр. Адам жолға жақындаған кезде жүйе автоматты түрде жарық белгісін береді. Жүргізуші жаяу жүргіншінің көшеден өтпек екенін бірден байқап, дер кезінде тоқтай алады. Мұндай технология жол қауіпсіздігін арттырады», — деп түсіндірді Алматы облысы ПД Жол-техникалық инспекциясы тобының инспекторы Бекназар Мұстафин.

1 қыркүйекте Алматы облысында 385 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқу орындарына 27 мың бейнебақылау камерасы орнатылған. Олардың бір бөлігі жедел басқару орталықтарына қосылған.

Сондай-ақ 213 мектепте мамандандырылған күзет ұйымдастырылған. Қазір мамандар бейнебақылау камераларының, дабыл түймелерінің және өзге де қауіпсіздік жүйелерінің жұмысын тексеріп жатыр.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Талғар ауданының 20 мектебінде «Заң мен тәртіп» азаматтық тәлімгерлік бастамасы жүзеге асырылып жатыр. Биыл бұл жұмысты тағы 35 оқу орнында енгізу жоспарланған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

18,1 млрд теңге, 400 жұмыс орны және арзандайтын көкөніс: Алматы облысында қандай жоба жүзеге асырылып жатыр және ол нарыққа қалай әсер етеді?

Мөлдір Иманмади
09.09.2026

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz