Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында жаңа форматтағы цифрлық ХҚКО ашылады

Алматы облысында жыл соңына дейін жаңа цифрлық форматтағы халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Онда тұрғындар мемлекеттік қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған арнайы терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026
Жаңалықтар

Жаңа форматтағы цифрлық кеңседе мемлекеттік қызметтерді алу үдерісі барынша автоматтандырылады. Азаматтар арнайы терминалдарды пайдаланып, қажетті қызметті өздігінен рәсімдей алады. Қажет болған жағдайда орталық мамандары кеңес береді.

«Қазір төрт өңірде бес цифрлық кеңсе ашылды. Тағы он өңірде қаржыландыру мәселесі шешілді. Бұл өңірлер жыл соңына дейін ғимараттарды дайындап, цифрлық кеңселерді іске қосуы қажет», – деді Жаслан Мәдиев.

Жыл соңына дейін мұндай орталықтар Алматы облысымен қатар Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында ашылады.

eGov GPT арқылы 150 қызмет қолжетімді болады

Министрдің айтуынша, мемлекеттік қызметтердің цифрлық экожүйесінің негізіне QazTech платформасы айналып келеді. Биыл аталған платформаға көшіру жоспарланған цифрлық жүйелердің 92 пайызы бойынша жұмыс аяқталған. QazTech мемлекеттік сервистер мен деректерді бірыңғай цифрлық платформада біріктіруге мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект мемлекеттік қызмет көрсету саласына да енгізіліп жатыр. Мәселен, e-Otinish жүйесінде жасанды интеллект көмегімен 3,2 миллионнан астам өтініш өңделген.

Қазіргі уақытта eGov GPT арқылы 51 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жыл соңына дейін олардың санын ең көп сұранысқа ие 150 қызметке дейін арттыру жоспарланған. Бұл қызметтер жалпы сұраныстың шамамен 80 пайызын қамтиды.

Ал 2028 жылға қарай жасанды интеллект қолданылатын мемлекеттік қызметтердің үлесін 40 пайызға жеткізу көзделіп отыр. 2029 жылға қарай мемлекеттік қызметтерді алу уақытын екі есе қысқарту жоспарланған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев пен Оман Сұлтаны бірқатар маңызды келісімге қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Алматы облысында жаңа форматтағы цифрлық ХҚКО ашылады

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында қоғамдық кеңістіктер жаңарып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
06.10.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
06.10.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
06.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz