Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында Жамбыл Жабаевтың отызға жуық ұрпағы Құрылтай сайлауында дауыс берді

Алматы облысында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ұрпағы Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Ақынның отызға жуық шөбере-шөпшегі алдымен Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейде жиналып, аталарының рухына тағзым етті. Кейін ғасыр жасаған Жамбылдың шөбересі Салтанат Жамбылова атасы туралы жылы естелік айтып, халықты ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи сәтте белсенді болуға шақырды.

«Жамбыл атамыз ғұмыр бойы ел бірлігі мен халықтың ынтымағын жырлап өтті. Оның әрбір жырынан туған жерге деген сүйіспеншілік, ел тағдырына деген алаңдаушылық сезіледі. Біз оның ұрпағы ретінде бабамыздың осы аманатына адал болып, елдің болашағына бейжай қарамауымыз керек. Бүгін Құрылтай сайлауына қатысып, ұлт тағдырына әсер ететін тарихи сәтте өз таңдауымызды жасауға келдік», – деді ақынның ұрпағы Салтанат Жамбылова.

Музейге келген қауым жыр алыбы Жамбылдың әулетімен бірге сайлау учаскесіне жаяу бет алды. Жол бойы домбырашылар халық күйлері мен әуендерін орындап, сайлаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жамбыл Жабаев – отанға деген махаббатты жырына қосқан ақын. Оның өлеңдері бір жарым ғасыр өтсе де, өзектілігін жоғалтпай, халықтың жадында сайрап тұр. Сондықтан ақынның ұрпағы да осы ұстанымнан айныған емес. Олар қоғам өміріне белсене араласып, азаматтық таңдау жасау арқылы ел болашағын айқындауға үлес қосып келеді.

Айта кетерлігі, биыл – қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл. Ол өмірінің соңғы жылдарын Алматы облысында өткізді. Жыр алыбы тұрған үй қазір Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музей ретінде жұмыс істеп тұр. Киелі шаңыраққа ақынның шөбересі Салтанат Жабаева жетекшілік етуде. Бүгінде Жамбыл әулеті – елге белгілі, халық құрмет тұтатын азаматтар. Жүз жасаған Жамбыл атамыздың ұрпағы түгелдей Алматы облысында тұрады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz