Байқау мемлекеттік қызмет көрсету саласында халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған.
Конкурс барысында үміткерлер өздерінің кәсіби қызметін таныстыратын бейнероликтер ұсынып, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәжірибесі мен жетістіктерін ортаға салды.
Қатысушылар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдістемелік ұсынымдары негізінде бағаланды.
Бағалау кезінде олардың:
- кәсіби құзыреттілігі;
- азаматтармен жұмыс тәжірибесі;
- клиентке бағдарлануы;
- коммуникативтік дағдылары;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға қосқан үлесі ескерілді.
Сонымен қатар конкурс аясында халық арасында онлайн дауыс беру ұйымдастырылып, оның нәтижелері комиссия мүшелерінің бағалауымен бірге қорытынды шешім қабылдау кезінде есепке алынды.
Конкурс нәтижесінде:
🥇 І орын – Мұхаметқалиев Асыл Әлиұлы;
🥈 ІІ орын – Жұмаш Аяжан Қанатқызы;
🥉 ІІІ орын – Нәбиев Бірлік Серікұлы иеленді.
Марапаттау рәсімінде жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ байқауға қатысқан барлық үміткерлерге белсенділігі үшін Алғыс хаттар берілді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Динара Әлібекқызының айтуынша, мұндай конкурстар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін арттырумен қатар, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға да ықпал етеді.
«»Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсының басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету саласында үздік тәжірибелерді анықтап, халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандарды ынталандыру. Бұл – қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға бағытталған маңызды жоба», – дейді Динара Әлібекқызы.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, мемлекеттік қызмет көрсету мәдениетін дамытуға бағытталған мұндай байқаулар сала мамандарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді.





