Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында үш донорлық процесс ондаған адамға өмір сүруге мүмкіндік берді

Алматы облысында қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығы мен трансплантологияның маңызын түсіндіруге бағытталған жұмыстар жалғасып жатыр. Соңғы жылдары өңірде донорлық процестерді ұйымдастыру және медициналық үйлестіру жүйеленген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026
Жаңалықтар

2025 жылы облыста екі донорлық процесс ұйымдастырылса, үшіншісі 2026 жылдың 16 қаңтарында өткізілген. Үш жағдайда да медициналық консилиум ми өлімін растап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қажетті медициналық және ұйымдастырушылық рәсімдер жүргізілген.

Нәтижесінде трансплантация үшін 6 бүйрек, 3 жүрек, 3 өкпе, 2 бауыр және 4 мөлдір қабық алынып, еліміздің тиісті трансплантациялық орталықтарына жеткізілген.

Сонымен қатар 2025 жылғы алғашқы донорлық процесс кезінде өңірде 2020 жылдан бері алғаш рет мөлдір қабық алынған. Бұл ағза донорлығымен қатар тіндік донорлықтың да қайта жандана бастағанын көрсетеді.

Қазіргі уақытта Алматы облысында 290 пациент трансплантация кезегінде тұр. Оның 239-ына бүйрек, 28-іне бауыр, 22-сіне жүрек, ал бір пациентке өкпе трансплантациясы қажет.

Мамандардың айтуынша, донорлық процесс бірнеше медициналық ұйым мен маманның үйлесімді жұмысын қажет етеді. Ықтимал донор анықталған жағдайда медициналық тексерулер жүргізіліп, ми өлімі белгіленген тәртіппен расталады. Одан кейін заңнамада көзделген рәсімдер орындалады.

Алматы облысының трансплантология саласындағы өңірлік үйлестіруші маманы Ақерке Тоекенің айтуынша, донорлық – адам өмірінің құндылығына негізделген аса жауапты үдеріс.

«Бір адамның өмірден өткеннен кейін оның ағзалары басқа адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беруі – медицинадағы үлкен жауапкершілік. Біздің міндетіміз – донорлық процестің барлық медициналық және заңнамалық талаптарға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету және халыққа оның маңызын дұрыс түсіндіру», – деді ол.

Мамандар донорлықтың бір адамның өмірі аяқталғаннан кейін басқа адамдарға өмір сүруге мүмкіндік беретін ізгі әрі жауапты шешім екенін атап өтеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

Меншік құқығын қорғаудың маңызы

Акжаркын
01.10.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
01.10.2026

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
01.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz