Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында тоған мен зират орналасқан 29 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Алматы облысының Ұйғыр ауданында 2008 жылы жекеменшікке берілген 29,1 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Аталған аумақта тоған, гидротехникалық құрылыс және зират орналасқан, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026
Жаңалықтар

Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, жер учаскесінің жекеменшікке берілуі жергілікті тұрғындардың мал жаюына және су ресурстарын пайдалануына кедергі келтірген.

Атап айтқанда, жер аумағында көлемі 0,7 гектар болатын гидротехникалық құрылыс пен 0,5 гектар жерді алып жатқан зират орналасқан. Соған қарамастан, аталған учаске 2008 жылы жекеменшікке өткен.

«Жер және су заңнамасының талаптарына сәйкес, мұндай жер учаскелерін үшінші тұлғалардың жеке меншігіне беруге болмайды. Прокуратураның талап арызы бойынша сот жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды», – делінген ведомство хабарламасында.

Осылайша, прокуратураның араласуымен Ұйғыр ауданындағы 29,1 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz