Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 22 мыңнан астам адам қатысты

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы «Таза бейсенбі» акциясы кезекті рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бұл жолы өңірдің барлық аудан-қалаларында өткен тазалық жұмыстарына 22 мыңнан астам тұрғын қатысып, 510 тонна қоқыс шығарылып, 282 гектар аумақ тазартылды.

Акцияға қоғам белсенділері, облыс әкімдігі мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар, еріктілер және тұрғындар жұмыла атсалысты. Қатысушылар қоғамдық орындар мен тұрғын үй аулаларын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Жиналған қалдықтардың қайта өңдеуге жарамды бөлігі сұрыпталып, қалғаны арнайы полигондарға жеткізілді.

Тазалық акциясына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, қоршаған ортаның тазалығы әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

«Өзіміз өмір сүретін елді мекендердің, қалалардың және туристік орындардың таза әрі жайлы болуы әрқайсымыздың жанашырлығымыз бен жауапкершілігімізге тікелей байланысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыста абаттандыру, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жақында аумақтарды күтіп ұстауға қатысты талаптар жаңартылды. Енді санитарлық тазалықты сақтау мен тұрғын үйдің іргелес бес метр аумағын күтіп ұстау міндеті заңды тұлғалармен қатар жеке тұрғындарға да жүктеледі. Осыған байланысты «Таза бейсенбі» акциясы бұрынғыдан да белсенді ұйымдастырылып жатыр», – деді облыс әкімі.

Экологиялық бастамаға жастар да белсенді қолдау көрсетуде. Жастар ресурстық орталығының маманы Санжар Сұлтан мұндай шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететінін айтты.

«Тазалық ең алдымен әр адамның өзінен басталады. Қазір жастар сенбіліктерге үлкен жауапкершілікпен қатысып қана қоймай, өздері де түрлі экологиялық акциялар ұйымдастырып жүр. «Қауіпсіз жағалау», «Таза жағалау» сияқты бастамалар соның дәлелі. Бұл «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасымен де үндеседі. Сондықтан жастарды қоғамдық тәртіп пен қоршаған ортаға жауапкершілікке баулудың маңызы зор», – деді ол.

Жыл басынан бері Алматы облысында 25 облыстық сенбілік ұйымдастырылып, оған 567 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде 13 мың тонна қоқыс шығарылып, 7701 гектар аумақ тазартылды. Сонымен қатар 103 мыңнан астам көшет отырғызылып, тазалық жұмыстарына 3,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік білім гранттарының нәтижесі қашан жарияланатыны белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алматы облысындағы Балаларды қолдау орталығы алғашқы мерейтойын атап өтті

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясына 22 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

Алматы облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
06.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz