Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Алматы облысының Қарасай ауданында тауда ауыр жарақат алған 18 жастағы туристке құтқарушылар көмек көрсетті. Оқиға Қарғалы шыңының етегінде, теңіз деңгейінен шамамен 2600 метр биіктікте болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026
Жаңалықтар

Турист таулы аймақта жарақат алып, өздігінен төмен түсе алмаған. Оған көмекке құтқарушылар жұмылдырылды.

Құтқару жұмыстарына қолайсыз ауа райы кедергі келтірді. Қалың тұман, жаңбыр мен бұршақ жағдайында туристі іздеу, оған жету және таудан эвакуациялау жұмыстары түні бойы жалғасты.

ҚР ТЖМ Республикалық құтқару қызметінің «Барыс» жасағы Мониторинг және жедел ден қою орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, зардап шеккен азаматтың орналасқан жерін анықтап, оған жетті.

Алдын ала мәлімет бойынша, 18 жастағы жігіттің қолы мен аяғы сынған. Сондай-ақ оның беті мен денесінің басқа бөліктерінен түрлі жарақаттар анықталған.

Құтқарушылар жарақат алған туристі зембілге салып, күрделі таулы бағытпен төмен түсірді. Кейін ол қажетті медициналық көмек көрсету үшін Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды.

Құтқару операциясы күрделі ауа райы мен таулы жер бедеріне қарамастан сәтті аяқталды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz