Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында сайлау учаскелеріндегі байқаушылар қалай жұмыс істейді?

Алматы облысында жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарын сайлау барысын бақылайтын байқаушылар жұмысқа кірісті. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен халықаралық байқаушылар сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап дауыс беру процесін бақылап, сайлау заңнамасы талаптарының сақталуын қадағалап отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026
Жаңалықтар

Өңірдегі сайлау учаскелерінде қоғамдық байқаушылар қатарында «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілдері де бар. Олар заңнамада белгіленген өкілеттіктері аясында дауыс беру рәсімдерінің талапқа сай өтуін бақылайды.

Байқаушылардың негізгі міндеттерінің бірі – сайлау процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ету және дауыс беру кезінде заң талаптарының сақталуын бақылау.

«Біздің басты міндетіміз – сайлау барысын объективті түрде бақылап, барлық рәсімнің заң талаптарына сай өтуін қадағалау», – деді «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының мүшесі Айгерім Сарманова.

Құрылтай сайлауын халықаралық байқаушылар да бақылап жатыр. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 42 шет мемлекет пен 13 халықаралық ұйымнан келген 777 халықаралық байқаушыны аккредиттеген.

Байқаушылар сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап дауыс беру аяқталып, заңда белгіленген тиісті рәсімдер толық орындалғанға дейін учаскелердегі жағдайды қадағалайды.

Олардың жұмысы сайлау процесінің ашықтығы мен заң талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz