Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шара өтті

Алматы облысы Қайнар ауылдық округіне қарасты Айғаным ықшам ауданындағы №50 жалпы білім беретін орта мектепте Қазақстан халқының тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026
Жаңалықтар

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай өткен шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін насихаттау және жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметін қалыптастыру.

Мерекелік іс-шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты. Бағдарлама барысында тілдің қоғамдағы орны мен маңызы туралы айтылып, ұлттық құндылықтар мен көптілділікті дәріптеуге бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар өскелең ұрпақтың тілге құрметін арттыру, мемлекеттік тілді дәріптеу және оның қолданыс аясын кеңейту маңызды екенін атап өтті.

Қазақстан халқының тілдері күні елімізде жыл сайын 5 қыркүйекте аталып өтеді. Бұл күн қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жүректегі ауыл» жыр жинағының тұсауы кесілді

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026

Алматы облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шара өтті

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026

«Алматы – Бішкек» тасжолында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
08.09.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
08.09.2026

Есірткі қылмысына қарсы күрес – қоғам қауіпсіздігінің маңызды шарты

Акжаркын
08.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz