Оқиға Құлжа трактісі бойында болған. Өрт туралы хабар түскеннен кейін оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылдырылды.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылып, судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылған. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске жұмыс істеп, өртті сөндіруге алты оқпан берілген.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде өрт алдымен ауыздықталып, кейін толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер болған жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.





