Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында PepsiCo зауыты жергілікті шаруаларға жаңа мүмкіндік ашады

Алматы облысында салынып жатқан PepsiCo зауыты өңірдегі тамақ өнеркәсібінің ең ірі инвестициялық жобаларының біріне айналмақ. Жобаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі 370 млн долларды құрайды. Кәсіпорын толық өндірістік қуатына шыққаннан кейін жылына 210 мың тоннаға дейін картоп өңдей алады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026
Жаңалықтар

Жобаның ерекшелігі – жаңа кәсіпорынның айналасында ауыл шаруашылығынан бастап логистика мен сервистік қызметтерге дейінгі тұтас өндірістік тізбек қалыптасады. Өндіріске арнайы сұрыптағы әрі белгіленген сапа талаптарына сәйкес келетін картоп қажет. Осыған байланысты компания Қазақстанның бірнеше өңіріндегі, соның ішінде Алматы облысындағы шаруашылықтармен ынтымақтастық орнатып жатыр.

Зауыттың іске қосылуы жергілікті шаруалар үшін жаңа мүмкіндік береді. Кәсіпорынмен жұмыс істейтін фермерлер егіс көлемін алдын ала жоспарлап, қажетті картоп сұрыптарын өсіріп, өнімнің сапасы мен оны сақтау талаптарын қамтамасыз етуі керек.

Мұндай ынтымақтастықтың басты артықшылығы – өнімді өткізудің тұрақты арнасының қалыптасуы. Яғни шаруалар картопты маусым сайын нарыққа шығарып, сатып алушы іздеудің орнына өндірістің қажеттілігіне қарай жұмысын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік алады.

Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өндірісінің болжамдылығын арттырып, фермерлердің технология мен сақтау инфрақұрылымына инвестиция салуына қосымша негіз қалыптастырады.

Екі мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Жобаның еңбек нарығына да әсері айтарлықтай болмақ. Кәсіпорынның өзінде 900-ге жуық тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұдан бөлек, аралас салаларда тағы шамамен мың жұмыс орны пайда болуы мүмкін.

Олардың қатарында ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, қаптама өндірісі, сервистік қызмет көрсету және басқа да бағыттар бар.

Осылайша, ірі өндірістік жобаның экономикалық әсері зауыт аумағымен ғана шектелмейді. Кәсіпорынның іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден бастап оны тасымалдау, сақтау және қызмет көрсетуге дейінгі бірқатар саланың дамуына серпін беруі ықтимал.

Жобаның өңір экономикасына нақты ықпалы жаңа зауыттың өндірістік қуатымен ғана емес, Алматы облысындағы қанша шаруа қожалығы мен жергілікті кәсіпорынның осы өндірістік тізбекке қосыла алатынымен де өлшенбек.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 103 мың шаршы метр тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Шетелде білімін жетілдірген дәрігерлер аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.09.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Акжаркын
09.09.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Акжаркын
09.09.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Акжаркын
09.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz