Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында он айда 3 мыңнан астам күрделі операция жасалды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында 2026 жылдың алғашқы он айында 3 мыңнан астам жоғары технологиялық операция жасалды. Бұрын мұндай күрделі хирургиялық ем алу үшін науқастар республикалық медициналық орталықтарға баруға мәжбүр болса, бүгінде бірқатар операцияны өз өңірінде жасатуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2026
Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы заманауи медициналық технологияларды енгізу арқылы тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін кеңейтіп келеді. Аурухана мәліметінше, биылғы он айда жоспарланған медициналық қызмет көлемі негізгі бағыттар бойынша толықтай дерлік орындалған.

Қазіргі уақытта медициналық мекемеде травматология, ортопедия, кардиохирургия, урология, тамыр және абдоминалды хирургия бағыттары бойынша күрделі операциялар жүргізіледі.

Атап айтқанда, ортопедия және травматология бөлімінде жамбас-сан және тізе буындарын толық ауыстыру, сондай-ақ жамбас-сан буынына жартылай эндопротез орнату операциялары жасалады. Мұндай хирургиялық араласулар буын ауруларына шалдыққан немесе ауыр жарақат алған науқастардың қозғалыс қабілетін қалпына келтіруге бағытталған.

Кардиохирургия саласында жүректің коронарлық артерияларына дәрілік жабыны бар стент орнату және баллондық ангиопластика әдістері қолданылады. Бұл емдеу тәсілдері жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар ауруханада асқазан резекциясы, өңештің варикозды кеңейген көктамырларын байлау, зақымданған тіндерді алып тастап, теріні қалпына келтіру операциялары жүргізіледі. Урология бағытында несепағар мен бүйрек астауы деңгейіндегі бітелуді эндоскопиялық әдіспен жою мүмкіндігі қарастырылған.

Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасының директоры Дархан Сыбанбаевтың айтуынша, медициналық қызметтердің кеңеюі тұрғындардың күрделі ем алу үшін өзге қалаларға бару қажеттілігін азайтады.

«Қазіргі таңда ауруханамызда МӘМС шеңберінде жоғары технологиялық операциялардың бірнеше түрі жүргізілуде. Бұл аудан тұрғындарына бұрын тек республикалық медициналық орталықтарда қолжетімді болған күрделі операцияларды тұрғылықты жері бойынша алуға мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырып, заманауи емдеу әдістерін аудан тұрғындарына қолжетімді ету», – деді аурухана директоры.

Медициналық мекемеде жоғары технологиялық операциялардың жүргізілуі өңірдегі денсаулық сақтау саласының мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр. Әсіресе күрделі хирургиялық емді қажет ететін науқастар үшін мамандандырылған көмектің тұрғылықты жеріне жақын жерде көрсетілуі маңызды.

Аурухана алдағы уақытта да медициналық қызмет сапасын арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге және мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге басымдық бермек. Бұл Алматы облысы тұрғындарының жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz