Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Алматы облысында елді мекендер мен тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген сала мамандары марапатталды. Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтіп, облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026
Жаңалықтар

Әсет Масабаев өз сөзінде мұнай-газ саласы мамандарының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесіне тоқталды. Оның айтуынша, облыс экономикасының тұрақты дамуы үшін энергетикалық инфрақұрылымның маңызы зор.

«Алматы облысында елді мекендерді кезең-кезеңімен газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізіліп келеді. Бүгінде облыста 169 елді мекен газдандырылып, 1,24 миллион адамға табиғи газға қолжетімділік қамтамасыз етілген. Бұл өңірдің жан-жақты өркендеуіне оң әсерін тигізеді», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Ол газ саласының қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына және тәуліктің қай мезгілі екеніне қарамастан, тұрғындарды үздіксіз көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін еңбек етіп жүргенін атап өтті.

«Сіздер осы жолда аянбай тер төгіп, қоғамға қызмет етудің үлгісін көрсетіп келесіздер. Қиын да жауапты саладағы еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық», – деді Әсет Масабаев.

Салтанатты рәсім барысында салада ұзақ жыл еңбек етіп, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар маман марапатталды. Оларға ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының үздігі» төсбелгісі, Алматы облысы әкімі Шыңғыс Әріновтің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.

Марапатталғандардың қатарында облыстық энергетика және сумен қамту басқармасының басшысы Нұрлан Өмірханов, сондай-ақ Назар Қасымов, Жасұлан Талдыбаев және өзге де сала мамандары бар.

Кәсіби мерекеге арналған салтанатты шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz