Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026
Жаңалықтар
Screenshot

Screenshot

Апта басында Қазақстанда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында экологиялық акциялар өтуде. Іс-шаралар Наурызнама онкүндігінің бір күні – «Тазару күніне» орайластырылған.

Алматы облысында экологиялық шаралар Еңбекшіқазақ ауданында басталды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің бастауымен жақын маңдағы ауыл тұрғындары, қоғам белсенділері, еріктілер мен жастар Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы ең танымал бастаулардың бірі – Киелі-Бұлақ көзін тазарту бойынша сенбілік өткізді.

«Мөлдір бұлақ» акциясына ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК-ның бас директоры Ануар Өскенбаев, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов, сондай-ақ бөлімдер мен басқармалар басшылары қатысты.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі қағидаттары – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау – Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясында бекітілген. Сонымен қатар табиғатты сақтау – әрқайсымыздың конституциялық борышымыз. Бұл ретте еріктілер ұйымдары мен жастардың қатысуы ерекше маңызды, өйткені ол табиғатқа жанашырлық дәстүрінің сабақтастығын қамтамасыз етеді. «Мөлдір бұлақ» акциясы жаңа экологиялық мәдениеттің негізін қалайды. Алматы облысында су қоймалары, тоғандар, бөгеттер мен дамбалар, су тарту гидротораптары және магистральдық каналдарды қоса алғанда, 300-ден астам гидротехникалық нысан бар. Дәл осы су арналары егістіктер мен елді мекендерді сумен қамтамасыз етіп, өңірдің тіршілігін ұстап тұр. Биыл біз акцияны жергілікті тұрғындар үшін ауыз су көзі ретінде аса маңызды Киелі-Бұлақтан бастауды жөн көрдік. Бұл – өңірдің басты көрікті орындарының бірі, сондықтан оның таза әрі көркем болуы біз үшін маңызды, – деді Марат Сұлтанғазиев жергілікті тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға үлес қосуға шақырып.

Айта кету керек, киелі Киелі-Бұлақ – халық нанымында шипалы, тылсым қасиетке ие табиғи бастау. Ақсақалдардың айтуынша, оның суы жасартатын қасиетке ие. Мұнда көне аңыздарды бейнелейтін көріністер де орнатылған. Қысқасы, бұл бұлақ тек таза су ішетін орын ғана емес, ойды тазартып, денсаулықты жақсартатын мекен ретінде де бағаланады.

Сондай-ақ, бұлақ маңында өңір тарихымен сабақтастықты білдіретін «Алтын адам» мүсіні орнатылған, бұл өз кезегінде туристерді тартатын нысанға айналған. Жалпы, Түрген шатқалына апаратын автожол бойында минералдарға бай салқын сулы бес бұлақ және ыстық радон көздері орналасқан.

Іс-шараға 300-ден астам адам қатысып, Түрген шатқалының аумағын тазалап, ағаш көшеттерін отырғызды.

Сапар барысында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Turgensai визит-орталығына да барды. Бұл – Түрген шатқалындағы бірегей табиғи орындарға жаяу бағыт алатын бастапқы нүкте. Мұнда туристер мен қонақтар Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметі туралы толық ақпарат ала алады. Жалпы, ұлттық парктерге бай Алматы облысы экотуризмді дамытуда жетекші өңірлердің бірі саналады. Визит-орталықтан тікелей 30 метрлік Аюлы сарқырамасына жаяу баруға болады. Сонымен қатар бұл аумақта Қайрақты сарқырамасы, Шынтүрген мүкті шыршалы ормандары, Сиверс алмасының табиғи резерваты және басқа да табиғи нысандар туристер үшін қолжетімді.

Айта кетерлігі, осы күні облыстың барлық аудандарында сенбіліктер марафон, байқау және флешмоб форматында өтуде. Жергілікті тұрғындар өзендер, көлдер, каналдар, арықтар мен сорғы станцияларының маңын қоқыстан тазартуда. Негізгі мақсат – өңірдің су ресурстарын таза әрі тәртіпте сақтау.

Анықтама үшін: Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2021–2025 жылдары республика бойынша шамамен 1,6 млрд ағаш отырғызылды. Биыл өңірлерде 210 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланған. Елді сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету үшін арнайы питомниктер құрылуда. Жақын уақытта жылына 6 млн көшет өсіретін алты жоба іске асырылады. Орман питомниктерінің құрылысы Алматы облысында да жүргізіліп, өңірді сапалы отырғызу материалымен қамтамасыз ету көзделген. Сонымен қатар Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру жылы аясында қашықтан зондтау, дрондар және жасанды интеллект элементтері сияқты цифрлық шешімдерді енгізу жоспарланып отыр.

Тегтер: Басты жаңалықтарМөлдір-бұлақ акциясы

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz